Accessibility links

Өзбекстанның экономикалық өсімі туралы көрсеткішке сену қиын


Өзбекстан ресмилері осы жылдың тоғыз айындағы елдегі экономикалық өсім шамамен 10-тей болды деп мәлімдеп отыр. Бірақ, сайлау жылында ақпарат құралдары мен статистикалық мамандарды автократ президент өз қолында бекем ұстап отырғанғандықтан, бақылаушылар бұл елдің экономикалық жетістіктеріне күдік келтіріп отыр. Бұл арада «Азаттықтың» тілшісі қарапайым өзбектердің ол экономикалық өсімнен еш пайда көрмей отырғаны туралы жазып отыр.

Өзбекстанның елдегі жалпы ішкі өнім жөніндегі ресми көрсеткіштері халықаралық қаржы институттарының проценттік көрсеткіштерінен айтарлықтан бөлек. Ол мәліметті сіздің кімнен сұрағаныңызға байланысты айырмашылықтары болады. Онда үкіметтің саяси жоспарын есепке алатын түрлі жүйелер бар. Экономикалық жетістіктер туралы көзбояушылықтар Өзбек билігінің ашық реформа жүргізбеуіне, осал аймақтағы Ислам радикализмін тәрбиеге салуына жол ашады.

Лондондағы Экономикалық барлау бірлестігінің басшысы, экономист Энн Луиз Хаггердің айтуынша, Өзбекстан билігі айтып отырғандай елдің алғашқы тоғыз айдағы жалпы ішкі өсімі 9,8 пайыздан екі есеге төмен. Бірақ, расында да Өзбекстанның экономикасы өркендей бастаған дегенді айтады ол. Бұл таяудағы өсім бұрынғы совет елдерінде болған мемлекеттер ішінде Өзбекстанда ғана болып отырған жоқ дейді сарапшы:

“Бұл бағыт бүкіл ТМД аймағында бар. Соңғы аздаған жылдың ішінде көптеген экономикалар айтарлықтай қатты көтерілді. Әлбетте, онда бұрынғы совет кезіндегі өнімдері кәдімгідей қатты құлаған болатын. Енді содан кейін экономикалары қайтадан жандана бастады”.

Сарапшы Хаггердің сөзіне қарағанда, Өзбекстан мен басқа да энергия көзіне бай мемлекеттерде өсім байқалады, себебі олар көмірсутегі көздерінің көп бөлігін экспортқа шығарып отыр.

Ресейдің мемлекеттік Газпром компаниясы Өзбекстанның үлкен әріптесі. Бұл елдің энергетика саласына Газпром соңғы бірнеше жылда миллиондаған доллар салып отыр. Мұнай мен газға баға өскен сайын Өзбекстандағы басқа да экспортқа шығатын заттардың, демек мақта мен алтынның бағасы да өсе түсті. Өзбекстан әлемдегі алтын шығаратын елдердің ішінде 10-шы орында тұр. Десе, ресмилер алтын өнімдерінің статистикалық мәліметін жарияламай отыр.

Қазан айында Өзбек билігі биыл елде жоспарлағаннан көп мақта өнімі алынды деп, 3,6 млн тонна мақта жинағандықтарын хабарлады. Президент Ислам Каримов, қазанның 16-нда өзбек халқын үлкен жеңістерімен құттықтап, егінді жинау көпшілік жұмыстың нәтижесі дей келе кең көлемді реформалар елдің аграрлық саласында жүріп жатыр деген.

Онда Каримов егіннің асып тасуы Өзбекстан тарихында бірінші рет болып отыр, ол 100 процент жеке фермерлердің өндірісі деген. Бірақ, өзбекстандық фермерлер өздеріне үкімет мақталарды белгіленген бағаға сатасыңдар деп талап қойғанын айтып шағымданған. Олар оны еркін базарда одан жоғары бағаға өткізе алатын болған. Оның соңы мақтаны елден жасырын түрде елден шығаруға көбіне Қазақстанға сатуға әкелді. Бұл тұрғыда Энн Луйз Хаггер Өзбек билігінің статистикалық мәліметіне сауалмен қарайтынын айтады.

Сол сияқты Ташкенттік журналист Абдурамон Ташанов та, жарияланған ол мәліметтерге сенбей, ол алдағы президенттік сайлау алдындағы биліктің насихаты деп отыр.

“Осы жылы өте түсініксіз жайттар болды. Елдің тарихындағы мақта жинау жоспары толығымен орындалды деген хабарлама 2000 жылы 21-ші қазанда жарияланған болатын. Енді осы жылы кенеттен 10 қазанда жария болып отыр. Қазіргі режим билікте қала берсе, алда тәуелсіздік күні бірінші қыркүйекте жоспар орындалды деп еститін боламыз. Жаз, көктем, күз мезгілдері әр жылы өз уақытысында келеді. Ол мезгілдер мақта фермерлеріне көмектесу үшін ерте келмейді. Статистикалар жалған болып жатыр”.

Ташановтың сөзіне қарағанда, кейбір журналистер бақылаушы құрылымдардан елде экономикалық жетістіктер туралы, оның ішінде мақта өнеркәсібі туралы жазуға нұсқау алған. Ал, қарапайым өзбектер экономикалық дамуларға мән беріп жатқан жоқ. Оларды тек төменгі жалақы мен базарлардағы азық-түліктің жоғарғы бағасы алаңдатып отыр.

Өзбекстанның оңтүстігіндегі Қаршы қаласындағы әйел ұн бағасының өскеніне алаңдап отыр:

“Қаршыда өндірілетін 50 кг ұнның бағасы 45 мың сом, яғни 40 доллардай тұрады. Ол 15-16 мың сом болатын”.

Ал, Ташкенттегі ұн бағасы 10 пайызға қымбат, яғни 50 мың сом тұрады.
XS
SM
MD
LG