Accessibility links

Кондолиза Райс АҚШ, Түркия және Ирақ Күрдтерге қарсы бірігеді деді


АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Анкарада Түркия жетекшілерімен кездесіп, Ирақтағы жағдай туралы сөйлесіп жатыр. Ол Түркияны Ирақтың солтүстігіндегі көтерілісшілерге қарсы әскери операция жасамауға шақырып, Ирақтың солтүстік аймағын тұрақсыздандыру Құрама Штаттар, Ирақ және Түркияның мүддесіндегі мәселе болмауы керек деген. Оның айтуынша, Құрама Штаттар, Түркия және Ирақ, Түркияға қарсы шабуылдаған Ирақтың солтүстігіндегі күрдттерге қарсы бірігіп күресетін болады. Кондолиза Райс бұл мәлімдемесін Түркияға ұшып бара жатқан ұшақ ішінде журналистерге айтқан.
XS
SM
MD
LG