Accessibility links

Қазақстан өз уран қорының бір бөлігін Қытайдың ядролық өндірісіндегі үлесіне айырбастауға келісті


Бұл туралы «Қазатомпром» компаниясының басшысы Мұхтар Жәкішев хабарлады. Оның айтуынша, Қазақстан уранының ядролық қаруы бар Қытайға сатылуында қауіп жоқ.

«Қазатомпром» концернінің басшысы Мұхтар Жәкішевтің айтуынша, жоспар бойынша жылына 2 мың тонна уран өндіретін Қазақстандағы уран кенорындарының біреуі таңдалып оның 49 пайыз құнды қағаздары қытайлықтарға сатылады. Ал, 51 пайызы яғни, қадағалау пакеті Қазақстанда қалады. Бірақ, кен орны әлі таңдалмаған, деді ол. Ал Қытайда Қазақстан екі компанияның құнды қағаздарын сатып алудан дәмелі. Бұл Қытайдағы атом өндірісіндегі монополист болған және атом стансаларының иесі «СNNС» компаниясы және екіншісі атом реакторлары бар және болашақта Қытайда тағы реакторлар салғалы жатқан «СGNPС» компаниясы, дейді «Қазатомпром» концернінің басшысы Мұхтар Жәкішев.

Яғни, бұл компанияларға ректорларда қолданылатын уранан жасалатын таблеткалар қажет болады, дейді Жәкішев. Осылайша, Қазақстан Қытайға уран шикізатын емес қосымша құн қосылған таблеткаларды сатады, дейді ол. Қытайдың атом кәсіпорындары Қазақстанға қадағалау акцияларын бермейді, Қазақстандада қытайлықтарға қадағалау акциялары берілмейді дейді «Қазатомпром» концернінің басшысы Мұхтар Жәкішев.

Бар әлемде көптеген елдер ядролық технологиялардан орасан табыс тауып келеді. Салыстыратын болсақ Қытайда ядролық технология қолданудың арқасында ел бюджетіне жыл сайын 1 миллиард долларға жуық табыс түседі. Сондықтан, Қазақстанға көштен қалмау керек, дейді ғалымдар.

Ядролық физика институтының бас инженері Александр Борисенконын айтуынша, тіпті атом электр стансасын салмасада ядролық технологиялар саласынан едәуір қарыжы табуға болады. Ал «Қазатомпром» басшысының айтуынша ядролық технологиядан түсетін ең соңғы өнім атом реакторларына қажет таблеткалар саналады. Қытайлық экспансия Қазақтанға қауіп төндірмей ме деген сұраққа Жәкішев Қазақстанда ешкім «Қазатомпром» кәсіпорнының рұқсатынсыз уран өндіре алмайды, өйткені ешкімде біздікіндей технология жоқ», деп жауап берді.

Қазір «Қазатомпром» кәсіпорнының құнды қағаздардың 100 пайызы мемлекет меншігінде. «Казатомпром» компаниясы уран сатуға рұқсаты бар жалғыз кәсіпорын. Бірақ, қазақстандық уран толығымен дерлік шет елге шығарылады. Өйткені, Қазақстанда Маңғыстау облысында тек бір атом стансасы бар. Сондықтан, елдегі ішкі тұтыну мөлшері аз, дейді мамандар. Оның үстіне, бұл атом стансасы қазір тоқтап тұр. Қазақстандық уранды табу жолы басқа елдермен салыстырғанда оңай, сондықтан, оның өзіндік құны да айтарлықтай қымбат емес деген пікір бар. Ал уран өндірісінің ұлғайтылуы экологияға кесірін тигізбей ме деген сұраққа біз қоршаған ортаны ластамаймыз, деді ол.

Ал, серік ретінде неліктен Қытай таңдалды деген сұқраққа Жәкішев былайша жауап берді. «Ядролық қаруды таратпау жөнінде келісім жасалған кезде 5 ел таратпау жөнінде кепілдік берген, олардың ішінде Қытайда бар. Сондықтан Қазақстанмен Қытай арасындағы келісім МАГАТЭ талаптарына қайшы келмейді», дейді ол.

Бірақ, әзірге нақты құжатқа қол қойылмаған, тек келісім бар, дейді ол. Ұлттық компания президенті Мұхтар Жәкішевтің айтуынша, алдағы жылдары Қазақстан әлемдегі уран өндіретін кәсіпорындар ішінде бірінші орынға шықпақ. АҚШ – тағы ядролық отын мәселелері жөніндегі апталық мәліметі бойынша, Қазақстан әлем бойынша, уран шығаратын елдердің арасында екінші орынға шыққан. Бірінші орында Австралия, ал үшінші орында Канада тұр.
XS
SM
MD
LG