Cәрсенбілік «Время» басылымында «Рахатгейт» айдарымен берілген кезекті мақалада «Нұрбанкке шабуыл жасады» деген айыппен сотталған полицейлер Нұрлан Самалихов пен Болат Қадырқожаевты ақтау туралы аппеляциялық шағымның қанағаттандырылмағанын айтылыпты. Басылым: «Алматы қадағалау коллегиясы сотталған екі азаматтың жазасын өтеу мерзімін азайтты. Медеу аудандық сотының үкімімен 3 жылға бас бостандығынан айырылған ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Самалихов жалпы режимдегі колонияда 1,5 жыл отыратын болды. Шұғыл әрекет ету бөлімінің командирі болған Қадырқожаев өзіне кесілген 1,5 жылды шартты түрде өтейтін болды. Ал, шұғыл әрекет ету бөлімінің 4 сарбазына қатысты аудандық соттың шешімі өзгеріссіз қалған» деп жазады.
Сондай-ақ «Время» басылымының осы санында жарық көрген «Әлиевтің көкек тезисі» атты мақалада «Нұрбанктың» бұрынғы топ менеджерлерінің ұрлануына байланысты Алмалы аудандық соты «Рахатгейт» ісінің үшінші бөлігіне өткендігін жазыпты. Мақала авторының жазуына қарағанда, қаралып жатқан іс бойынша негізгі айыпкерлер - Рахат Әлиев, Вадим Кошляк, Төлеген Имашев және Айдар Бектібаевтың өткен көктемде президент атына хат жолдап топ-менеджерлерді ұрлауға өздерінің қатысы жоқ екендіктерін айтқан. Сондай-ақ, автор банк қоймасынан жоғалған банк қызметкері Айбар Хасеновтің атындағы арнайы 13-інші жәшіктің топ-менеджер жоғалып кеткеннен кейін бұл жәшіктің бірнеше адамның атына рәсімделгенін хабарлапты. «Жәшіктегі 200 мың еуро мен 15 алтын ақшаны сотталушылардың бірі Рахат Әлиевке апарып берген» деп жазады «Время» басылымы.
«Айқын» басылымы болса өзінің кезекті санында әлеуметтік мәселелерге назар аударған екен. «Қаңыраған ауыл халқы қайда барады?» атты мақалада қазақ жерінде соңғы үш жыл ішінде 449 ауыл және аудан қаңырап бос қалғандығы айтылыпты. Автордың жазуына қарағанда, алдағы уақытта тағы 146 елді-мекен солардың кебін кимек. 2005 жылдан 2007 жылдың қыркүйегіне дейінгі аралықта ауылдан қалаға ағылған қазақстандықтардың саны тек ресми мәлімет бойынша бір миллионға жуықтап қалса, ал түрік, қытай, қырғыз, өзбек сияқты өзге жұрттардан лек-легімен шұбырған сыртқы мигранттардың қатары 2 миллионнан асып кетіпті.
«Егемен Қазақстан» басылымы болса осы желтоқсан айының 10-ы күні Қазақстан астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы Қазақстан президентінің жарлығына 10 жыл толатындығын жазыпты. Автор Қазақстан астанасының Алматыдан Ақмолаға қашан, қалай көшкендігін тілге тиек етіп, астананы көшіру туралы жарлықты Нұрсұлтан Назарбаев өте шұғыл жағдайда әзірлеп еді» деп жазыпты.
«Экспресс К» басылымы болса сәрсенбілік санында Орал өңірінде құтырған қасқырлардың қаупі зорайып тұр деп дабыл қағады. Мақалада осыдан ай бұрын Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданының Қандық ауылы тұрғындары қасқырлар шабуылына тап болып 12 адамның жарақат алғандығын жазады. Қандық ауылы пайда болған 75 жыл ішінде мұндай оқиғаны көрмеген ауыл тұрғындары: «қасқырдың малға шапқандығы көргеніміз болмаса ауылға кіріп кетеді деген түсімізге де кірмейтін еді», дейді. Бұл мәселемен күрес жайбарақаттықты көтермейді деген газет тілшісі 2005-2006 жылдары облыста қасқыр атып алғандарға мемлекеттен ешқандай сыйақы берілмегенін еске салып өтіпті.
«АиФ – Қазақстан» басылымы өзінің соңғы санында Шығыс Қазақстан облысында медицина қызметкерлерінің жетпей жатқандығына назар аударыпты. Дәл қазіргі уақытта облыстағы 487 дәрігер мен 144 орта медицина қызметкерінің орны бос тұр. Олардың арасында терапевт, кардиолог, травматолог, гинекологтарға сұраныстың жоғары екендігін айтқан жазған басылым, кадр тапшылығын жас маман есебінен шешудің де мүмкін болмай отырғандығын тілге тиек етіпті.