Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі билік үшін демократияландыруға негіз болатын бірнеше заң жобасын қабылдауға міндетті болып тұр. Солардың бірі - «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңға өзгерістер енгізу. Дүйсенбі күні министрліктің жұмысы жайында баяндама жасаған Мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамбет Ертісбаев елдегі бұқаралық ақпарат құралдарын либерализациялау мақсатында және ақпараттардың ашықтығын қамтамасыз ету барысында қолданыстағы заңға өзгерістер енгізгелі жатқандығын мәлім етті.
Бірақ мәжіліс депутаты Валерий Котович заңға түзетулер енгізгеннен гөрі, жаңа заң жобасы қажеттігін айтады. Бұл пікірді журналистік ұйымдар да қолдап отыр. Мысалы, Журналистер Одағының төрағасы Сейітқазы Матаев үкіметтік емес ұйымдар әзірлеген арнайы заң жобасының дайын екенін алға тартты:
- Осыған дейін де заң жобасына бірнеше өзгертулер болды ғой, бірақ ол түзетулер біздің жағдайымызды жақсартқан жоқ. Біздің дайын заң жоба бар. Ол парламентте жатыр. Бірақ оны министр оқыған да жоқ. Енді біздің пікірлерімізді тыңдаса, Астанаға барып ұсынысымызды енгізуге дайынбыз.
Ақпарат министрі Ермұхамбет Ертісбаевтың айтуынша, үкіметтік емес ұйымдардың әзірлеген заң жобаларының тұжырымдамасы көбінесе қолданыстағы заңды қайталайды екен. Бірақ ол егер заң жобасы мәжіліске келгенде оған енгізілетін өзгерістер елу пайыздан асса сөзсіз жаңа заң қабылданатындығын жеткізді.
Сонымен бірге Ертісбаев мырза министрлік тарапынан Интернеттің қазақстандық бөлігін реттейтін жеке заң жобасының да әзірленіп жатқандығын тілге тиек етті. Министрдің сөзіне қарағанда, ол өзі оппозициялық сайттар мен ондағы оқырман пікірлерін қадағалап отыратын көрінеді. Тіпті бір-екі мәрте Zonakz.net сайтының бас редакторы Юрий Мизиновқа тікелей телефон соғып, ондағы кейбір материалдарды алып тастауын сұрапты. Өйткені, ұлтаралық қақтығысты қоздыратын мақалалар орын алды дейді ол. Егер интернетті реттейтін заң болмаса, онда ғаламторды қолдан тұншықтыру орын алады дейді министр мырза.
Бірақ Журналистер Одағының төрағасы Сейітқазы Матаевтың айтуынша, ғаламторларды реттейтін заң керек жоқ. Ол «билік тек өткен айларда оппозициялық сайттарда жарияланған жоғары лауазымды тұлғалардың телефон арқылы сөздерінің аудио көшірмелерінен кейін аталмыш заңды енгізбекші, менің ойымша, тек терроризмге, эротикаға қарсы тосқауыл қоюға болады, ал қалғандары ашық болуы тиіс» дейді.
Жоғары лауазымды тұлғалардың телефон арқылы әңгімелері жарияланған веб-сайттарды сол кезде мәжіліс депутаттарының өздері іздеп жүріп оқып, тыңдағанын депутат Уалихан Қалижан да жасырмайды:
- Веб-сайттарды шектеумен, жауып тастаумен мәселе шешілмейді. Бізде енді жасырын емес, сондай жағдайлар болды ғой. Бірақ ол белгілі бір веб-сайттарды жауып тастағанымен, басқа веб-сайттар арқылы онда жарияланған материалдары оқуға мүмкіндік алып отырдық. Тіпті көптеген басылымдарда, оларды ашудың әдіс-жолдарын жариялап та жіберді. Оларды жауып тастап, біз түк білмейміз дегеннің орнына, заңмен реттеген дұрыс болар.
Ал Ермұхамбет Ертісбаев болса, биліктің веб-сайттардың иелерінің кім екенін, олар қай елде тіркелгенін жақсы білетіндігін айтады. Ол заң арқылы веб-сайттардың иелері де ашық болуға тиіс дейді.
Ермұхамбет Ертісбаев әлемде интернетті реттеудің үш түрі барын айтады. Біріншісі Қытай тәжірибесі. Бұл өте қатал, шектеу қою. Екіншісі АҚШ тәжірибесі, террористік мақсатты насихаттайтын сайттарға тыйым салу. Үшіншісі Батыс Еуропа тәжірибесі. Жауапкершілікті веб-сайттың иесіне немесе оны шығарушыларға жүктеу, соларды жауапқа тарту. Қазақстан үшін Батыс Еуропа тәжірибесі қолайлы дейді министр мырза.