«Жас алаш» газеті «үстіміздегі жылы Қазақстан экономикасы қандай болмақ?» деген сауалға арналған материалын «Кәрiм Мәсiмов премьер-министр креслосына отырғалы берi ел экономикасында дүлей дауыл тұрды да кеттi» деп бастапты. Одан әрі автор «Әрине, бұған әлемдiк экономикада болып жатқан құбылыстар тiкелей әсер еткенiн жоққа шығаруға болмайды. Десе де, Кәрiм Мәсiмов басқаратын үкiмет осы дағдарыстан шығудың немесе дағдарыс салдарын жеңiлдетудiң оңтайлы әрi тиiмдi жолын таба алды ма?» деп сауал тастай отырып, мақала авторы оған «әй, қайдам, таба алмаса керек, сондықтан биыл Кәрім Мәсімов отставкаға кетер» деген тұжырым жасапты. Сонымен қатар «Жас алаш» газеті Қазақстанның кеңестер заманындағы басшысы Дінмұхамед Қонаевтың туған күніне арналған Мұхтар Шахановтың ауқымды мақаласын басыпты. Онда автор Қонаевты кім, не үшін сотқа тартпақ болғанын әңгімелей отырып: «Бір қызықшылығы, өз атақ-абыройы, өз жеке басының мүддесi үшiн туған халқының тiлi мен тарихын, оның сан ғасырлық рухани құндылықтарын бетi бүлк етпей айырбастап жiберуге әзiр тұрған қазiргi байлар мен билiк космополиттерiне және олардың iзiмен келе жатқан болашақ байларға ой салу үшiн де Алматының қақ ортасынан Қонаевқа ескерткiш тұрғызуға болар едi. Әрi ол ескерткiш тазалық символы ретiнде басқаларға сұс көрсете, зорая қарап тұрар едi» деген тұжырымын айтыпты.
Бейсенбі күнгі бірқатар газеттер Рахат Әлиев пен оның серіктерінің үстінен басталған сот ісі аяқталып келе жатқаны туралы жазыпты. «Литер» газеті «Айыпталып отырғандардың барлығы (шетелге қашып кеткендерiнен басқасы) өздерiнiң соңғы сөздерiн айтты. Олар қасақана қылмыс жасамағандарын, әлдебiреулердiң алдауымен шырмауға түсiп қалғандарын мойындады. Бұлардың бiразы Темiрәлиев пен Хасеновтың туыстарынан кешiрiм сұрады. Қоғам алдында масқара ұятты болғандарына өкiнiш бiлдiрiп, соттан әдiл шешiм шығаруды өтiндi» деп жазыпты.
«Қазір бұл іс бойынша үкім шығару үшін судьялар кеңесіп жатыр. Үкім жариялар күнді олар алдын-ала өздері хабарлайды» дейді «Жас алаш» газеті. Сондай-ақ осы газеттің «Рахат Әлиев кім?» деген қоғамдық сауалнамасына жауап бергендердің көбі «қазіргі режимнің өнімі әрі құрбаны» деп жауап беріпті.
Сонымен бірге «Айқын» газеті «Рахат Әлиев пен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаевқа қатысты қылмыстық істі сотта қарау 23 қаңтарда Ақмола гарнизонының әскери сотында басталмақ» деп жазады. Оларға 16 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, жетекшілік еткен, «Мемлекеттік құпияларды заңсыз алу, жария ету», т.б. бірқатар баптар бойынша айыпталып отыр» дей келіп газет «сот отырысы Қазақстанның мемлекеттік құпияларына қатысты мәліметтер жария етілетіндігіне байланысты жабық өтеді» деп жазады.
Сонымен бірге «Айқын» газеті бірқатар депутаттар «әйгілі жазушы Бауыржан Момышұлының 2010 жылғы жүз жылдық мерейтойын ЮНЕСКО деңгейінде атап өтуге және оның қолжазбаларын мемлекеттік тапсырыс негізінде шығаруға ықпал етуді сұрап, үкімет басшысына жүгінуді жөн деп тапқаны» туралы айта отырып, бірқатар депутаттардың «Каспий газ құбырына» байланысты алаңдаушылығын беріпті. Онда депутат «ол құбыр Қазақстанның үш облысының жерін басып өтеді. Жоба жүзеге асырылатын бір ғана Маңғыстау аймағында 362 әулие жатыр. Демек, «Тарихи-мәдени мұраны пайдалану туралы» заңы негізінде жедел арада арнайы зерттеулер мен археологиялық, ғылыми сараптама жүргізу қажет. Осы орайда іс-қимылдар басталмай тұрып, тұрба құбырдың трассасы мен оның антропогенді-өнеркәсіптік әсер ету белдеуінде салмақты, кешенді ғылыми экспедициялық зерттеулер жүзеге асырылуға тиіс» депті.
«Литер» газеті «ғарыш саласын игеруге бөлінген қыруар қаржының тиімсіз, «құмға сіңген судай» боп кетуі, отандық ғарышкерлерді ұшыру бағдарламасын жабуға әкеп соғуы мүмкін» деп жазады.
«Ана тілі» газеті «Украиндер орыс киносына тосқауыл қойды» деген мақаласында «Украина президенті Виктор Ющенко «бұдан былай украин экранынан орыс киносы көрсетілмейді» деп дүйім жұртқа жар салды» дей келіп, «діндері бір, ділі мен тілі бір-біріне өте жақын бауырлас халықтар өстіп жатқанда орысқа үш қайнаса сорпасы қосылмайтын біздің телеарналарымыз бен кинотеатрларымызда орысша фильмдерді тайраңдатып қойғанымызға жол болсын! Украина радасының бастамасы біздің іс басындағы азаматтарға ой салуы тиіс» деп қортындылапты.