Accessibility links

Грузия соты оппозиция жетекшісі И.Окруашвилиді бопсалау жасады деп 11 жылға сырттай соттады


Бүгін Грузия соты оппозиция жетекшісі бұрынғы қорғаныс министрі Иракли Окруашвилиді бопсалау жасады деген айыппен сырттай 10 жылға соттады. Грузия полициясы президент Саакашвилиді коррупция бойынша айыптаған оны қыркүйек айында ұстаған. Оның қамалуы Тбилисиде үлкен шерулерге әкелген. Кейін Окруашвили кепілдікке ақша қалдырып, Еуропаға шығып кеткен. Бүгінде ол Парижде Францияның Грузияға экстрадициялау жөніндегі сот шешімін күтіп жатыр. Оған Франциядан саяси баспана берілуі де мүмкін.
XS
SM
MD
LG