Accessibility links

Астаналық Перизат Салмурзина баспана жайында


- Мен Астанада пәтер жалдап тұрам, қымбат. Біз үшін ең бірінші мәселе - баспана. Қорқамыз. Мен де үлескерлер сияқты аштық жариялап отырғым келмейді. Бұрын ипотекалық несие 14 пайыз болса, қазір ортадағы банктердің делдалдық қатынасының арқасында ипотека 22 пайызға дейін көтеріліп кетті. Онда да сен ипотекалық несиені таныс арқылы ала аласың. Ол үшін сенің отбасыңның табысы 203 мың теңге болу керек, соның 100 мыңын сен үлестік қатынасқа салып отырасың. Ал ондай табыс бізде жоқ. Бұл жерде қарапайым халықтың түсінігі аз болған. Қазір содан жапа шегіп отыр. Үкімет болса халық мүддесін емес, өз мүддесін ойлап отыр деп айтуға болады. Енді міне экономикалық дағдарыс, құрылыс дағдарысы - барлығы қосылып үкіметтің өзін тығырыққа тіреп қойды.

Үлескерлерді тоқтатпайтын аштық шарасына дейін жеткізді. Астанада пәтерсіз, баспанасыз жүрген халыққа шеттен келген миграция қосылып қазір дағдарыс 2-3 есе күшейіп тұр десе болады. Оның ішіне оралмандарды қосыңыз. Солардың көбісі қалаға жақын саяжайларды, сонымен қатар «Өндіріс», «Кирпичный» деген елді мекендерде өз күштерімен салып алып отыр. Вагонда тұрып жатқан кісілер бар бүгінгі күнде. Жертөледе тұрып жатқандар бар. Бір әйел бар күйеуі қайтыс болған. Өйткені екі банктен үлескерлік құрылысқа қатысқан. Екі банктен несие алып төлеуге шамасы келмеген жігіт ақыры өзін-өзі дарға асқан. Оның әйелі енді күйеуінің несиесін төлеуі керек. Өзін-өзі жағып жібермекші болған жағдайлар да бар. Басты мәселе, мына «Үлестік қатынасқа қатысу туралы заңның» дұрыс шығарылмағаны.

Ал ауылдағы оқымаған көзі қараңғы адам барады да қолын қоя салады. Ол үкіметке сенеді. Пәтер беремін десе мен де қол қоя салуым мүмкін. Өйткені үкімет ол - өкілетті орган. Осы халықтың пайдасын, мүддесін ойлайтын орган болу керек. Бірақ, шын мәнісінде олай болмай отыр. Үкімет қандай заң шығарсын өз мүддесін бірінші ойлайды. Үкіметке пайда бар ма, мемлекеттік бюджетке, ұлттық қорға салмақ түспей ме, жан-жақтан инвестиция тартамыз ба, өзіміздің ақшаға тиіспей, жан-жақтан ақша келсін дегендей істейді. Үлестік қатынаста да сондай. Қарапайым халықтың қалтасын қақты. Содан кейін қазір халық құрылыс компаниясын кінәлайды, ақшамды қайтар деп. Құрылыс компаниясы банкке барып тіреліп тұр, сен бізді қаржыландыр деп. Ал банк қаржыландырмай отыр. Өздері айтып отыр ғой үкіметтің қай салада болсын бөлген қаржысы игерілген жоқ. Қайтарып мемлекеттік үкіметке бердік деп айтады. Міне сондай қайтарылып жатқан бюджетте ақшалары бар ғой. Бірақ, соны дұрыстап игеретін бас болмай отыр деп ойлаймын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG