Accessibility links

Сталиндік азап лагерлерінің ащы шындығын бейнелеген Ресейдің диссидент жазушысы А. Солженицынның мұрасына бұрынғы коммунистік блок елдеріндегі түрлі көзқарас- пікірлердің бірпарасы.

Жазушыны жерлеу рәсіміне жүздеген қарапайым адамдармен қатар жоғары дәрежелі мәдениет қайраткерлері, әдебиет өкілдері қатысты.
Ресей әдебиетшісінің денесі жер қойынына берілген күні оның атына айтылып жатқан түрлі мадақтау сөздерде шек болған жоқ. Жазушыны жерлеу рәсімінде Ресей президенті Дмитрий Медведевтен бастап көптеген жоғары дәрежелі шенеуніктер болды.

Десек те, Солженицын мұрасы күрделілік пен қарама-қайшылыққа толы екендігі аян.
Әлемдік оқырмандар оның сталиндік лагерлердің бет-бейнесін суреттеп жазған шығармаларын тамсана оқып, қаламгерге лайықты бағасын берсе, жазушының кейінгі жылдары әсіре ұлтшылдықты, шовинизмді қолдағандығын да айыптайтын оқырмандар аз емес.
Солженицынның отставкадағы КГБ офицері, Ресейдің бұрынғы президенті Вл. Путинмен жақын байланыстары оның Совет одағы кезіндегі диссиденттермен қарым-қатынастарына да өзіндік сына қаққан болатын.
Ресейдегі этникалық және діни азшылық өкілдері Солженицын мұрасы жайында қарама-қайшы пікірлер білдіреді. Солардың бірі армян жазушысы Вахрам Мартиросян былай дейді:
-Адам дүниеден өткен қазіргідей шақта ол жөнінде жаман нәрсе айту әдеттегі жағдай емес, бірақ та оның кейбір жазғандарында ксенофобия элементтері болды. Мигранттарға, олардың ішінде армяндар да бар, қарсы болу арқылы ол бүгінгі Ресейде орыс шовинизмнің өріс алуына отқа май құйғандар әсер етті.
Татардың белгілі қаламгері Айдар Халим "Солженицынның өлімі адамзат үшін ауыр қайғы" дей келе, бірақ дисидентттің славян емес ресейліктің бәріне де теріс көзқарасы болғанымен келіседі.
Айдар Халим ол бір жағынан сталиндік репрессияны айыптап жазғанымен, екінші жағынан ол- Ресей империясының қорғаушысы, сақтаушысы болды деп біледі.
1990 жыл Солженицын Ресейде


1990 жылы алғаш рет "Комсомольская правда" газетінде жарық көрген "Ресейді біз қалай құрамыз" деген еңбегінде А. Солженицын Ресейді славян емес елдердің бәрінен құтылуға шақырады. Сөйтіп Нобель сыйлығының лауреаты бұл манифесінде Ресей, Беларус, Украинаны біріктіріп және Қазақстанның солтүстік облыстарын қосып алу арқылы жаңа Ресейді құру керек деген идеяны алға тартқан болатын.
Солженицынның бұл айтқандары Орталық Азия елдерін қатты шамдандырды десе болады.
1990 жылы Қырғызстан демократиялық партиясы тең төрағаларының бірі болған, белгілі қырғыз жазушысы Казат Акматов Солженицынның осы әйгілі еңбегі жайында былай дейді:
-Оның адами тағдыры саясаттанып кетті. Бұл үлкен мақала жазып, 15 одақтас республиканы қуып, Ресей өзінше мемлекет болуы керек. Оларды Ресей бағып жатыр, оларды бөліп тастау керек, сонда Ресей гүлдейді деп жазды.
Совет одағы ыдырағаннан кейін де Солженицын біртұтас славян мемлекетін құру туралы ойы мен идеясынан ұзақ уақытқа дейін айныған жоқ.
1996 жылы көрнекті де, беделді қазақ жазушыларының үлкен бір тобы "Комсомольская правда" газетін Солженицынның "Қазақстанның солтүстік облыстарын Ресейге қосу керек" деген ой айтылған сұхбатын жариялағаны үшін айыптап, қатты сынға алды.
Олар аталған газеттің таралуына Қазақстанда тыйым салынсын деген талапты алға тартып, оқырманы көп "Комсомольская правда" басылымы елдің территориялық тұтастығына қайшы келетін пікірлер таратты деп айыптады.
Бұл талаптарды Қазақстанның Бас прокуроры да қолдап, ол Солженицынның мәлімдемесін "тәуелсіз елдің ішкі ісіне араласу" деп сипаттады.
Осындай талаптардан кейін "Комсомолькая правда" газетінің кешірім сұраған материал жазриялаудан басқа амалы қалмаған еді.

Солженицынның шовинистік бағыттағы жазбалары Украина мен Белаурс елдерінде де көп сыналды.
Беларус филисофы Алеш Антсипенка "Ресейді біз қалай құрамыз" деген еңбегінен кейін мен Солженицынды "Ресей импералисі" деп түсіндім, ол бұл мақаласында беларустар мен украиндардың өз тағдырын өздері айқындауына қарсылығын айқын танытты деп атап көрсетеді
Солженицын 1932-33 жылдары Украинада болған ашаршылық апатын ұлттық геноцид деп мойындау мәлімдемелеріне қарсы шығу арқылы украиндықтардың да ашуы-ызасын тудырған еді.
89 жасар жазушы биылғы сәуір айында бұрынғы Совет елдерінде орын алып, миллиондаған адамды құрбан еткен ашаршылық апатының қолдан жасалуына көмектесушілердің арасында көптеген украиндық шенеуніктер болды деген тұрғыдағы пікірлер жазған болатын-ды.

Бұл еңбек сонымен қатар ашаршылықты ұлтқа қарсы жасалған геноцид деп бағалау туралы Украинаның талабын Мемлекеттік думаның кері қаққан қарарымен тұспа-тұс келген болатын.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG