Accessibility links

Еуропа өз құндылықтарын ұстануы тиіс


Эстония президенті Томас Хендрик Илвес
Эстония президенті Томас Хендрик Илвес
Ондағы мақсаты бұрынғы Совет республикаларының басқа да 4 басшысымен бірге Грузин халқына қолдау көрсету еді. Азаттық радиосына берген сұхбатында Грузияның НАТО, ЕуроОдақ құрамына ұмтылыстары туралы тоқталып өткен болатын.

Эстония президенті Томас Хендрик Илвес Тбилисиге келген бұл сапарының мақсатын былайша түсіндірген болатын. 1991 жылы Совет үкіметі құлағалы бері жағдай өзгерді. Ресейдің өз ішінде не болып жатса да, оның бұрынғы өз әуеніне басып, басқа елдерді басып алуына жол бермеу керек.

Бұл дегеніңіз- тамыры тереңге кеткен менменшіл мінез. Мұндай қылықтар біздің жүзеге асырып жатқан барлық тірліктерімізге, НАТО жоспарына, барлық нәрсеге кесірін тигізеді. Ол өркөкірек мінездің маңдайы тасқа тиді.

Түрлі сөйлесулер болып жатады, алайда Ресей тарапынан басқыншылықтың қайталануына жол берілмеуі тиіс. Біздің тамыз айының бас кезіндегі бағытымызды түсіну үшін бір ұрпақ ауысуы керек шығар дейді Илвес мырза.

“Соғыс жүріп жатқанда Батыс бізге көп көмек көрсете алмады” деген қарапайым грузиялықтар арасында пікір бар. Осы орайдағы қойылған сауалға жауап бере келіп, Эстония президенті мұның кем дегенде екі себебі бар деді.

Біріншіден, Бухарестегі НАТО саммитінде Грузияға мүшелікке өту жоспары ұсынылған жоқ. Екіншіден, Батыс мұндай жағдайда асықпай шешім қабылдайды. Не болғанын түсініп, оқиғаға бағамдап қарағанша уақыт өтеді. Мұндай мәселеде уақыт қажет болады. Содан кейін, әрине, Батыс пәрменді түрде жауап береді. Мысалы қазіргі АҚШ жауабы өте пәрменді деп ойлаймын.

Он мыңдай әскер күшімен, мыңдаған танкілерімен басып кірген Ресей тез арада Грузин жерінен шығуы тиіс. Және Грузияның территориялық біртұтастығы сақталуы қажет деді президент Илвес, қақтығысқан тараптар арасында қол жеткізілген атыстарды тоқтату жөніндегі бейбіт жоспарға тоқтала келіп.

Аталған соғыстан кейін ЕуроОдақтың Ресейге қатысты бағытында өзгерістер болуы мүмкін бе?-деген сауалға жауап бере келіп Эстония президенті: “Менің ойымша, ЕуроОдақ ішінде әсіре ресейшіл коалиция бар. Олар Еуропаның адам құқықтары, демократия сияқты толып жатқан құндылықтарынан гөрі Ресеймен арадағы жақсы іскерлік қарым-қатынастарды жоғары қояды" деп атап көрсетті.

Мұның өзі- болашақта айтыстарға алып баратын сауал дей келіп: “Еуропа дегеніміз- қызығушылықтар тоғысқан, еркіндік тұғырнамасы берік аймақ. Бұл-Еуропаның анықтамасы. Осы құндылықтарға сәйкеспейтін әрекеттерге ие аймақты Еуропа деуге болмайды. Салыстыра айтар болсам: Кенигсберг-Еуропа, ал Калининградтың Еуропаға еш қатысы жоқ. Бізде қазір Еуропа құндылықтарын қорғау мен бизнес үшін одан шегіну сияқты сауалдардың араласып кеткен, қауіпті жағдайы орын алып отыр”,-деді Илвес мырза.
XS
SM
MD
LG