Accessibility links

Чехтар жақын арада АҚШ-қа визасыз барады


Қарашаның 17-нен бастап Чехия азаматтары АҚШ-қа визасыз бара алады. Бұл туралы бүгін Чехия премьер-министрі Мирек Тополанек Прагада АҚШ-тың ішкі істер хатшысы Майкл Чертофпен кездесуінен кейін хабарлады.
Осы айдың басында АҚШ президенті Джордж Буш Латвия, Литва, Эстония, Венгрия, Чех республикасы, Словакия және Оңтүстік Корея елдерінің азаматтарына АҚШ-қа визасыз кіруге мұрсат ететін бағдарламаны жариялаған болатын. Қазір бұл бағдарлама 27 мемлекетті қамтиды. Олардың негізгі - бөлігі Батыс Еуропа елдері болып табылады.
XS
SM
MD
LG