Accessibility links

Обама генерал Шинсекиді министр етіп тағайындайды


АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Барак Обама жаңа әкімшіліктің құрамындағы соғыс ардагерлерінің істері бойынша министр етіп демалысқа шыққан генерал Эрик Шинсекиді тағайындайды. Обама Шинсекиді таңдап алғанын бүгін ресми түрде жариялауға тиіс.
2003 жылы генерал Шинсеки Джордж Буштың әкімшілігімен келісе алмай армия штабының бастығы қызметінен кеткен болатын. Штаб бастығы Ирақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірнеше жүз мыңдық әскер қажет деп мәлімдеген болса, бұрынғы қорғаныс министрі Дональд Рамсфелд пен оның орынбасары Пол Вулфовец 100 мыңдық әскер жеткілікті деп есептеді. Ал 2007 жылы президент Буш қантөгісті басу үшін Ираққа қосымша әскер жіберуге мәжбүр болды.
XS
SM
MD
LG