Accessibility links

Жол полициясының ғимаратында өрт болды


ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы Губкин көшесінде орналасқан қалалық ішкі істер бөлімінің бір қабатты ағаштан салынған ғимаратында 100 шаршы метр аумақты шарпыған өрт болып, бес кабинет жанып кеткен.
Өрт сөндіру қызметінің 18 жұмысшысы мен 3 техникасының көмегімен өрт ауыздықталды, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт болған ғимараттың жалпы аумағы 338 шаршы метр.

XS
SM
MD
LG