Accessibility links

Украинаның жүк ұшағындағы өрттен 5 адам қаза болды


Мысыр әуежайының ресмилері хабарлағандай, бүгін украиндық жүк ұшағы әуеге көтеріле бергенде шыққан өрттен бес адам қаза болды. Бұл апат Мысырдың Луксор қаласында орын алды. Өрт сөндірушілер оқиға болған жерге жедел жеткенімен, ұшақ ішіндегілерді құтқару мүмкін болмады деді әуежай ресмилері.
Ресейде шыққан Антонов 12 ұшағы Украинаға ұшпақ болған. Өрттің неден болғаны тергеліп жатыр.
XS
SM
MD
LG