Accessibility links

Қазақстанда халық санағы басталды


Бүгін Қазақстанда Ұлттық халық санағы басталды. Санақ қарсаңында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барлық қазақстандықтарды санақ өткізуге көмектесуге шақырды.

«25 ақпанда басталатын Ұлттық халық санағы — өте маңызды әрі жауапкершілікті шара. Тәуелсіз Қазақстан өз тарихында екінші рет санақ өткізгелі отыр. Мемлекеттік маңызы зор осы бір шараға азаматтық белсенділікпен атсалысуға шақырамын», — деді ҚР президенті Н.Назарбаев.

Өз кезегінде ҚР ІІМ санақшы кейпіндегі алаяқтарға алданып қалмау үшін халыққа сақ болуды ескертті.
XS
SM
MD
LG