Accessibility links

Американдық екі журналистке тыңшылық жасады деген айып тағылды


АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Солтүстік Кореяда американдық екі әйел журналисттің тұтқындалып, оларға тыңшылық жасады деген айып тағылып отырғанын мәлімдеді. Мемлекеттік департаменттің өкілі Роберт Вудтың сөзіне қарағанда, Пхеньян Вашингтонға Эуно Ли мен Лора Лиге қысым жасалып жатпағанын айтыпты.

Пхеньянның ғарышқа жер серігін ұшыратындығы туралы жасаған мәлімдемесінен соң, Батыс пен Солтүстік Кореяның арасындағы қарым-қатынас ушыққан болатын. Батыс мемлекеттері Солтүстік Корея баллистикалық зымыранды сынақтан өткізуге дайындалып жатыр деген пікірде.
XS
SM
MD
LG