Accessibility links

Р.Вуд: НАТО оқу-жаттығулары Ресейге қауіп төндірмейді


АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Роберт Вудтың мәлімдеуінше, мамыр айының басында Грузияда басталады деп жоспарланған НАТО оқу-жаттығулары Ресейге қауіп төндірмейді, — деп хабарлайды РИА Новости.

«Мәлімдемеден естуімше, Ресей бұл оқу-жаттығуларынан үрейленіп отырған секілді. Тыңдаңыздар, біз жаттығуларды ұзақ уақыт жоспарлағанбыз, бұл Ресейге де, басқаларға да ешқандай қауіп төндірмейді», — деді Роберт Вуд.

НАТО –дағы Ресейдің өкілі Дмитрий Рогозин 18 сәуір күні альянс басшыларына оқу-жаттығулары арандатушылық сипатта болды деп оны кейінге қалдыру туралы өтініш жасаған. Сондай-ақ Рогозин егер альянс оқу-жаттығуларын кейінге қалдырмаса, онда Ресей НАТО –мен арадағы Бас штаб басшыларының кездесуіне қатыспайды деп мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG