Accessibility links

ҰҚШҰ-на мүше мемлекеттер Ауғанстандағы жағдайды талқыламақ


Бүгін Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы елдері сыртқы істер министрлерінің кеңесі жанындағы Ауғанстан жөніндегі жұмыс тобы Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға бағытталған жұмыстардың жоспарын талқылайды, — деп хабарлайды РИА Новости.

Жұмыс тобының отырысына ҰҚШҰ-на мүше мемлекеттердің Ауғанстан жөніндегі үйлестірушілері мен сарапшылар қатыспақ.

ҰҚШҰ бас хатшысының орынбасары Ара Бадалянның хабарлауынша, Ауғанстандағы жағдайға байланысты пікір алмасып, жұмыс жоспарын талқылайтын қатысушылар осы елден шығатын есірткі тасымалына қарсы тұру жайын да сөз етпек.
XS
SM
MD
LG