Accessibility links

«Экспресс К» газеті ескі атауын қайтарып алу мүмкіндігін қарастыруда


«Экспресс К» газеті «Ленинская смена» атты ескі атауын қайтарып алу мүмкіндігі мен қазіргі бас редактор Әділхан Нүсіповті ауыстыру мәселесін қарастыруда. Сондай-ақ газет редакциясы 2009 жылдың 1 шілдесіне дейін Алматыдан Астанаға көшіріледі, — деп хабарлады «Экспресс К» газет редакциясы бақылау кеңесінің төрағасы Алексей Пан.

«Газет қызметкерлері 15 мамыр күні бас кеңсенің Астанаға көшірілетіні туралы жазбаша түрде ескерту алған. Бір ай мерзім өткеннен кейін қызметкерлер шешім қабылдаулары керек. Алматыда тілшілер пункті құрылады. Мен әзірше ойланып отырмын. Егер менің отбасылық жағдайым шешілсе, мен көшетін шығармын», — деді өз кезегінде Әділхан Нүсіпов.

2010 жылы 7 қарашада «Экспресс К» («Ленинская смена») басылымының жарық көргеніне 90 жыл толады. Газет 1991 жылдан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.
XS
SM
MD
LG