Ресей президенті Дмитрий Медведев АҚШ-пен арадағы жаңа келісімге келгенде Мәскеу стратегиялық ядролық қаруды күрт қысқартуға дайын деп мәлімдеді.
Амстердамда сөйлеген сөзінде Д.Медведев: «Біз ядролық оқтұмсық тасымалдайтын стратегиялық күштерді 1991 жылғы «Стратегиялық шабуыл қаруы-1» келісіміндегі санынан бірнеше есе қысқартуға әзірміз», -деп мәлімдеді.
Ол атап көрсеткендей, ядролық оқтұмсықтарды осыдан 7 жыл бұрын келісілген санынан да азайту қажет. Ол кезде Кремль мен Ақ үй ядролық оқтұмсықтарды 2012 жылға қарай 2200-ден 1700-ге дейін азайтуға уағдаласқан болатын.
АҚШ президенті Барак Обама осы желтоқсан айында күшін жоятын 1991 жылғы келісімнің орнына жаңа шарт жасасу үшін шілденің 6-9 күндері Мәскеуге келуге тиіс.