Журналистерді қорғау комитеті Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Интернетті бақылайтын заң жобасына вето қоюға шақырды. Аталған комитеттің Еуропа мен Орталық Азия бойынша бағдарламасының үйлестірушісі Нина Огнянова Азаттық радиосына берген сұхбатында былай деп мәлімдеді:
«Қазақстан парламенті мақұлдаған бұл заң жобасы бірнеше айдан кейін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болатын мемлекет үшін сәтсіз қадам. Бұл Қазақстанның адам құқықтары мен баспасөз еркіндігі жағдайына қатысты кері қадам деп ойлаймыз. Біз президент Нұрсұлтан Назарбаевты аталған заңға вето қоюға шақырамыз».
Сәрсенбі күні Қазақстан Парламентінің Мәжілісі ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері жөніндегі заңнамаға Сенат ұсынған өзгерістермен келісті. Бұл заңнама өзгерістері қол қою үшін мемлекет басшысына жіберілді.
Заңнамадағы өзгерістер бойынша Қазақстандағы барлық интернет-ресурстар дәстүрлі БАҚ-қа теңестіріледі. Сондай-ақ бұл құжат заңнамаға сәйкес келмейтін Қазақстанда таралатын шетелдік БАҚ өнімдеріне қатысты шағымданушының мекені бойынша және жауапкердің қатысуынсыз сот өндірісінің болу мүмкіндігін де қарастырады.