Accessibility links

Казгидрометтің жұмысын жетілдіруге 3,5 миллиард теңгеден астам ақша бөлінеді


Қазақстан 2010-2011 жылдары Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет (Казгидромет) жұмысын жетілдіруге 3,5 миллиард теңгеден астам ақша бөлмек.

Үкімет Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарына дағдарысқа қарсы жоспарға сәйкес шығындарды қысқарту жөнінде түзету енгізу туралы қаулы қабылдады.

Осы қаулыға сәйкес, Казгидромет жұмысын жетілдіруге 2010 жылы 1,2 миллиард теңге, 2011 жылы 2,3 миллиард теңге, ағымдағы жылы 465 миллион теңге бөлінеді. Сондай-ақ Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің стратегиялық жоспарында алдағы үш жылда қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулерге 1,3 миллиард теңге бөлу қарастырылған.
XS
SM
MD
LG