Accessibility links

Оңтүстік Қазақстанның 83 жастағы тұрғыны құтыру дертіне шалдыққан


ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан облысында құтырған деген күдікпен ауруханаға түскен зейнеткерден дәрігерлер консилиумы аталған ауруды анықтаған.

Сайрам ауданы Қарасу ауылының 83 жастағы тұрғынымен байланыста болған 9 адам қазір бақылауға алынған. Ауру тараған жерде эпидемияға қарсы шаралар жасалуда. Ақсақалдан табылған бұл аурудың себебі туралы хабарланған жоқ.

Құтыру — жылы қанды жануарлар мен адамдарда болатын жұқпалы ауру түрі. Орталық жүйке жүйесінің зақымдануы арқылы көрініс беретін бұл науқастан адамның өліп кетуі де ықтимал. Адамдарға бұл ауру иттің, қасқырдың, мысықтың тістеп алуынан немесе жарқанаттың қонуынан жұғуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG