Accessibility links

Мемлекеттік қазақ тілінің мәртебесі талқыланды


Бүгін Алматыдағы Республика сарайында мемлекеттік қазақ тілінің бүгінгі ахуалына арналған жиын өтті.

Мемлекеттік тіл қоғамдық қозғалысының ұйымдастыруымен 1989 жылы мемлекеттік мәртебесін алған қазақ тілінің заңды статусын иелене алмай отырғаны туралы, қазақ тілінің кең көлемді қолданысқа түспей келе жатқандығы жайында пікірлер айтылды.

Оған саяси партиялар, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Отырыс соңында жиналған жұрт бірауыздан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ашық хат жолдады.

Алайда, мемлекеттік тіл акциясына қатысушылардың өздері қазақ тілінің мәселесі мұндай жиындар арқылы шешіледі дегенге сенбейтіндіктерін білдірді.

Қыркүйектің 22-сінде қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алғанына 20 жыл толады.
XS
SM
MD
LG