Accessibility links

Пәкістандағы жарылыстар 16 адамның өмірін қиды


Бүгін Пешавардағы Пәкістан барлау агентігінің кеңсесіне қарсы жанкештілік шабуыл жасалып, кемінде 10 адам қаза тапты. Таңертең болған жарылыстан үш қабатты үй қирап, 55 адам жараланды.

Пешавардағы бұл шабуылдан кейін Бакахелдегі полиция бекетінде тағы бір жанкешті көлікті жарды. Онда 6 адам қаза тапса, 30 кісі жарақат алды.

Соңғы күндері Пәкістанның бұл аймағында бүлікшілер шабуылы көбейіп, ауғанмен шекарадағы аймақта жалғасып жатқан үкіметтік күштердің талибандарға қарсы соққысына жауап қайтаруда.
XS
SM
MD
LG