Accessibility links

Виталий Кличко – чемпион атағын қорғады


Украинаның кәсіпқой бокс шебері Виталий Кличко сенбі күні америкалық үміткер Кевин Джонсонды жеңіп, WBC желісі бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды.

Кездесу Швейцарияның Берн қаласында өтіп, бүкіл жекпе-жек барысында 38 жастағы украин боксшысының айқын басымдығы байқалды да, қазылар бірауыздан жеңісті Кличкоға берді.

Осылайша Виталий Кличко кәсіпқой рингте өткізген 41 жекпе-жегінің 39 жеңіп шықты. Ал Джонсон алғаш рет жеңістің ащы дәмін татты.

Виталийдің інісі Владимир Кличко – кәсіпқой бокстың басқа үш желісі бойынша әлем чемпионы. Ал WBA желісі бойынша ағылшын Дэвид Хэй - әлем жеңімпазы болып табылады.
XS
SM
MD
LG