Accessibility links

Украина халқы азайып барады


Украинаның мемлекеттік статистика комитеті ел тұрғындарының саны жылдан жылға төмендегенін айтып отыр.

2008 жылдың 11-ші айында халықтың саны 46 млн 179 мың болған болса, бір жылдың ішінде ол 45 млн 999 мың болып қалған. Бұл 12 айдың ішінде Украина тұрғындары 180 мыңға азайғанын көрсеткен.

Бүгінгі таңда Украинаның мыңдаған еңбек мигранты Еуропа елдерінде жұмыс істеп жүр. Бұрынғы совет елдерінде мигранттар ағымы ғаламдық дағдарысқа байланысты күшейіп кетті.
XS
SM
MD
LG