Accessibility links

Қазақстандықтар дәрігерді өздері таңдайды


Қазақстанда 2010 жылдың 1 қаңтарынан Бірыңғай ұлттық денсаулық жүйесі кезең-кезеңмен енгізіле бастады.

Бірыңғай ұлттық денсаулық жүйесінің тұжырымдамасына сәйкес, азаматтар емхана мен дәрігерді өз қалауларынша таңдай алады және жеке дәрігері мен емханасын жылына бір рет қана ауыстыруларына болады.


Денсаулық вице-министрі Елжан Біртановтың «Учаскелік дәрігерлер бұрынғыдай шақырту бойынша науқастың үйіне бармайды, жедел жәрдем қажет болған жағдайда науқас жақын жердегі кез-келген дәрігерлік мекемеге қарала алады» деп мәлімдегендігін келтіреді Интерфакс-Қазақстан агенттігі. Науқас сондай-ақ емделгісі келетін аурухананы да өзі таңдауына құқы бар.


Бірыңғай ұлттық денсаулық жүйесін жасаушылар оның медициналық қызмет көрсетуші түрлі мекемелер арасында оң бәсекелестік туғызуға жол ашады деп есептейді.


Денсаулық сақтау министрлігінің есебінше, Қазақстанда медициналық ұйымдардың 96 пайызы мемелекет меншігінде, тек 4 пайызы ғана жекеменшіктің иелігінде.

AzattyqTV

AzatNews 21.05.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:42 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG