Accessibility links

АҚШ әскері Гаити әуежайына бақылауды алды


Құрама Штаттардың әскерилері зілзаладан зардап шеккен Гаити әуежайына уақытша бақылауды алды. АҚШ әскері бұл елге қайырымдылық көмектерін әкелетін ұшақтардың қонуы мен жерсілкінісінен жараланған шетелдіктердің бұл жерден ұшып кетуін үйлестіріп отырады.

Бұл тұста медициналық топтар дәрігерлік көмек көрсететін орындар құрып, жұмысшылар көшелерді қираған үйінділерден тазалап жатыр. Қайырымдылық көмек көрсетуші елдер тезірек адамдарға көмек берілмесе, Порто-Пренс қаласында заңсыздықтар орын алады деп ескертті.

Қызыл крест ұйымы сейсенбі күні орын алған Гаитидегі жерсілкінісінен 50 мыңнан аса адам қаза тапты деді.
XS
SM
MD
LG