Accessibility links

Обама мен Медведев қару келісіміне қолдау танытқан


АҚШ президенті Барак Обама мен Ресей президенті Дмитрий Медведев 1991 жылғы Стратегиялық қаруларды азайту келісімінің орнын басатын ядролық қаруды азайту келісімінің ақырғы келіссөздеріне көңілдері толатынын білдірді.

Медведевтің көмекшісінің айтуынша, тараптар келісімді толығымен қолдап, мәтінімен келіскен. Екі елдің жетекшісі телефон арқылы сөйлескен.

Олардың келіссөздері Ресей мен АҚШ мәмілегерлері Женевада аталмыш келісімді талқылап, екі жақ та соғыс ұшақтарының санын азайтуға келіскен соң болып отыр.
XS
SM
MD
LG