Accessibility links

Толық интернеттенген кезде. Фэнтези


Қазақ блоггері А.Оразов
Қазақ блоггері А.Оразов

Елестетіп көріңізші Қазақстанның толық интернеттенгенін. Мысалы 2030-шы жылдар. Қазіргі газеттердегі хабарландырулар онлайн-газеттерде қалай шығар еді? Менің бір фэнтезиімді оқып көріңіздер:






***
Мемлекеттік орган сайтына қызметкерлер қабылданады.
Лауазымы: контент менеджер
Біліктілік талаптары:
- Орысша және қазақша қатесіз жазу білетін
- Жұмыс стажы кем дегенде 3 жыл
- Бұрын ешқандай сайт, форумда банндалмаған
Функционалдық міндеттері:
- Қай тілде екенін шатастырып алмай сайтқа материал салып отыру
- Жазылған пікірлерді қадағалау, жарамсыздарын өшіру

***
Ірі қара мал сатылады. Зейнетақысын Webmoney арқылы алатын зейнеткерлерге жеңілдік.

***
Жұмыс іздеймін. Сайт тазалығымен айналыса аламын. Виртуал секс ұсынбаңыз.

***
МЕГА е-сауда орталығынан е-бутиктер жалға беріледі.

***
ФИФА 2024 бойынша әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қазақстан Ұлттық Құрамасының бұрынғы ойыншысы Scorpion24 өзінің виртуал футбол ойыны мектебіне оқушылар қабылдайды.

***
Қарызға өсімімен Webmoney беремін. Залогқа сайтыңызды саласыз.

***
Студент қыздарға блог жалға беріледі.

***
Моймирдағы мирымның паролі жоғалғандықтан жарамсыз деп жариялаймын.
Айнура К.

***
Мемлекеттік сайттарда тәртіпті қадағалау үшін тәжірибелі интерменттер жұмысқа қабылданады.

http://blog.arshat.kz
XS
SM
MD
LG