Accessibility links

Жымиып отырыңыз 3


Қазақ блоггері Балдырғанның өзі жіберген "автопортреті"
Қазақ блоггері Балдырғанның өзі жіберген "автопортреті"

Ну сол баяғы маршрут… Жалықпаған болсаңыз айта кетейін…

Автобус қиқаңдап, 8-ге ұқсас траекторрия сыза бастады… Ойымда түк жоқ. 104-ке(маршрутканың нөмірі) жақындап келіп, алдын кесіп өтіп, бағдаршамда ма*ма-лармен алмасып… Оқиға “температурасы” арта бастады…

Қателеспесем, Ахрименко көшесінде 104-тің алдына ** тоқтады – қызық басталды! Біздің водила жұлқынып, моторды өшірмей, 104-тегі водиланың жанында отырған жігітке кеп тиісті. Ну да, есік жоқ ол жақта, буквально терезеден суырып алды сыртқа. 104-тің водиласы да, кондукторы да шықты. Біздің де кондуктор қарап тұрсын ба… Екі автобустың зевактары да бар… Жолаушы-ерлер орындарынан айырылып қалатындай(“попу поднял – место потерял” деген қабылданбаған заң бар ғой, соның орнын аңдыыыыыыып тұрмын ғой мен) бастарын ғана көтеріп алған, студент-жігіттер “қайтесің, қайтесің” деп бір-бірін тоқтатып: бәрінің есіл дерті даладағы “разборкада”…

- Ма*ма айырам! Ма*ма тығам! Ма*ма ма*ма…
- Ма*ма ма*ма ма*ма ма*ма ма*ма…
- Араласпа, ма*ма… Араласпа дедім, ма*ма… Тыныш тұрсайщ, ма*ма… Ма*ма!

Нормальный тілге аударылмас, бірақ, мен аздап бұрмалайыншы:

- Сіз маған балағат сөз айттыңыз! Сөзіңізді қайтып алуыңызды өтінемін!
- Алмадым, ал! Айнамды сырып кеттіңіз сіз! Білесіз бе? Айнасыз мен арттағыларды/артымды қалай көрмекпін? Сіз қауіп төндірдіңіз!
- Достым, жігіттердің сөзін бөлмеңіз! Сіздің шаруаңыз емес! Өздері шешімін табады!

Біраз тұрды бір-бірінің жағасын ұстап. Апайлар шыдамады. “Қайда қарап тұрсыңдар! Ажыратсаңдаршы!”… “Жүреміз ба, жүрмейміз ба?”… Келесі свидание уақыты мен кездесетін жерді белгілеп алды-ау деймін, ұнатып қалса керек бір-бірін… Жұлқылады ғой жағадан алып, қызарғанша… Қайсысы қызарақ болды, байқамадым, сондықтан кім жеңгенін айта алмаймын…

Немқұрайлық… Маған бәрі бір… Сен тимесең – мен тиме… – ауада қалқып тұрды, білесіз бе…

Осыны да төбелес деп (с)… “Ұрамын! Соғамын! Бтщын шығарамын” деген адам олай тұрмайды… Жәй-әшейін қораздану… Арзан понт(с)… Типі орнына қою…

Әйтеу жиналдық бәріміз автобусымызға… Орамал таққан апайымыз есін жинай алмай қапты: “Есебің келер алдыңнан!… Автопаркке ызвондау керек!… Шегіп алған мыналар!… Ай, сорлы қазағым-ай… Қайда жүрсең де қазақтар бір-бірінің бетін тырнап жатады…”
Ондай сөздер, сондай сондай әрекеттер еш ойландырмайды, керісінше жымитады. НЕГЕ? Бәрі оп-оңай… Өзіміз ғой осындай қоғам тудырған… Қазақ өзіміздікі, қоғам да біздікі… Осындай болып кеткенін кімнен көреміз? Тек өзімізден…

Толықтыру: Айко(1), ма*ма сөзін не по назначению қолданғаным үшін кешірші…

http://balgyrgan.wordpress.com/

1 - Айко - тағы бір танымал блоггердің есімі (Азаттық)
XS
SM
MD
LG