Accessibility links

Меркель: Грекияны құтқару жоспары сәтті болуы тиіс


Германия канцлері Ангела Меркель қарызға батқан Грекияны құтқару жоспары сәтті болуы тиіс әйтпесе Еуропаның басқа да елдері осындай қиын экономикалық жағдайға тап болып, ЕуроОдақтың болашағына қауіп төндіруі мүмкін деп ескертті. Бұл туралы Меркель бүгін парламентте сөйлеген сөзінде мәлімдеді. Канцлер Германияның Грекияға 22.4 миллиард еуролық үлес қосу туралы шешімін қорғады. Бұл қаржы Грекияның банкротқа ұшырауының алдын-алуға бағытталған 110 миллиард долларлық құтқару жоспарының бөлігі боп табылады. Еуропа Одағы мен Халықаралық валюта қоры Афиныға құтқару пакетін ұсынуға келіскен болатын. Осыған қатысты заң жобасына Германия парламенті жұма күні дауыс бермек.

Грекияда үкіметтің дағдарысқа қарсы қолға алған бағдарламасына наразы халық ұлттық ереуілдерін жалғастырып жатыр.
XS
SM
MD
LG