– Конституцияны қайта-қайта өзгерте береміз бе, Басеке. Айналдырған он бес жылдың ішінде төрт рет өзгерттік. Халық нетіп... неғылып ... күліп...
– Конституция деген – қағаз! Қағаз! Қағаз бәріне шыдайды. Қолды да сүртеді... Халық туралы бірдеңе айтуға ерінем. Одан гөрі бізге қағазбен жұмыс істеген жөн...
– Мерзімді жеті жылға ұзартқаныңыз дұрыс болды! «Бірінші адам сайлауға түсе береді» дегеніңіз де тамаша. Бірақ... «қалғандары екі рет қана сайлансын» дегеніміз... кішкене былай... түпкі ойды жасырып...
– Ей, сен өзі шатып-бұтып...
– Жоқ, жоқ, құдай сақтасын. Сіздің беделіңізді ойлап жатқаным ғой. Елден, то есть шетелден ұят болмай ма? Мерзімді ұзартатын ондай референдум өткізіп, нәтижесін жасай беретін едік қой. Менікі – тым құрығанда бір қасиетті нәрсе қалсын дегендей...
– Осы сендер «қасиетті» деген сөзді шын көңілмен айтасыңдар ма? «Бедел», «Ұят» деген сөздерден денем тітіркенеді. Менің командамда бетінде қытығы бар адамға орын жоқ!
– Кешіріңіз, басеке. Құрсыншы бәрі. Менікі тек ертең Сіз «Неге айтпадыңдар кезінде?!» деп қаһарланып жүрмей ме дегенім ғой. Конституцияның қағазға жазылатыны… дегенмен дұрыс...
– Не оттап келе жатырсың..!
– Сізге және Сіздің отбасы мүшелеріне бұйырған, еліміздің жарты байлығынан асатын дүние-мүлікке тірі жан тиіспесін, ешкімнің қақысы жоқ деген түзетуді жаза салайық деп жатыр едік. Бұл жерде қағаздан сенімді бірдеңе керек...
– Табыңдар!!! Айтпақшы, әлгі мәңгілік қартайтпайтын дәрі қайда? Қағазды қойшы – өзім өлмесем, дүние-мүлкім жоғалмақ түгілі асып-төгіле берер...
kondihul@yandex.kz