Accessibility links

ҮЗДІК ҮШ КОММЕНТАРИЙ


БІРІНШІ КОММЕНТАРИЙ

«Айтылмаса сөз атасы өледі» деген... 1,5 миллиард Қытайдың ішінде отыра ата-бабамыздың салтын ұстап отырған Шыңжандықтарға көптен-көп рахмет. Ал біздерде сол домбырамен сахнаға шығатын айтыс өнерін «жылы жауып» отырғанымыз міне... Сонда не, салт-дәстүрімізді аяққа таптау ма, әлде одан ажырату ма мына биліктің ойы?.. Біздің биліктегілердің көзіне осы домбыра әлгі АК-74 қаруы болып елестейді-ау шамасы??? Жошы хан да құрта алмаған домбыраның үні біздің елде неге әлсіреп барады???

Арыс, Шымкент

(«Қазақтың қара домбырасы Гиннестің рекордтар кітабына енді» деген мақалаға орай жазылған пікір)


ЕКІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Несіне мәз боп қуанасыңдар, оданша мына билікті ұйқысынан оятуға әрекет қылыңдар. Гиннес кітабына кілең қытайдың атынан кіріп жатыр ғой бұл қайталанбас мұраларың. Қытайдыкы тұп-тұра ұрлық. Қытайлар ондағы ішкі моңғолдарды желеу етіп моңғолдың қобызын, шапанын өзіне баяғыда меншіктеп алған. Енді міне қазаққа ауыз салып жатыр. Ал біз болсақ тап өз атымыздан ЮНЕСКОға тіркеткендей, Гиннеске жазылғандай мәз боп ол жатырмыз. Маған десе млн қазақ бір мезетте домбыра шертсе де бәрібір қытайдың аты ғана шығады ғой. Қашан оянасыңдар, байқұс қазақтар-ау? Қазақтың әрбір мұрасы тек Қазақстан атынан жазылып тіркелуге тиісті, сонда ғана сен мақтана аласың, одан бергісі далбаса, әсіресе Қытайда шара өткен болса. Еңбек қазақтыкі болғанмен атақ қытайға бұйырады ғой.

Өлмеген құл

(«Қазақтың қара домбырасы Гиннестің рекордтар кітабына енді» деген мақалаға орай жазылған пікір)


ҮШІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Ел аман! Жұрт тыныш! Сыртпен байланысымыз шүкір! Ішімізде оңдала түсуде! Осындай дәрежеде отырып қалай ел басшыны жамандауға болады? Жамандайтындар ел емес, әуелі өз жанұясын басқарып алсын... бос әңгіме айтқанша...

Аты-жөні көрсетілмеген

(«Шетелдік сауалнама жүргізушілер халықтың 91 пайызы Назарбаевты қолдайды дейді» деген мақалаға жазылған пікір)
XS
SM
MD
LG