Accessibility links

«Газпром»: Беларусқа газ жіберіле бастайды


Ресей Беларусқа газға қатысты жанжалға байланысты шектеулерін бүгіннен бастап алып тастайды.

Ресейлік «Газпром» компаниясы Минск өткен жылғы 187 миллион доллар көлеміндегі қарыз өтелгендігін, көгілдір отын Беларусқа толық көлемде жіберіле бастайтындығын хабарлады. Бұған қоса, «Газпром» Еуропаға жөнелтілетін газ транзиті үшін Беларусқа 228 миллион доллар төлегендігін мәлімдеді.

Минск бейсенбі күні ресейлік газдың транзиті үшін 260 миллион доллар өтелмеген жағдайда ел аумағындағы Еуропа бағытындағы газ құбырларын жауып тастауы мүмкін екендігін ескерткен еді.

Бейсенбі күні Литва көгілдір отыннан тапшылық көре бастағандығын хабарлады. Еуропа Одағы Ресей мен Беларусь арасындағы газға қатысты жанжал ұйым елдерін қиын жағдайға қалдырғандығын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG