Accessibility links

Адвокат: Сутягинді АҚШ-та ұсталған «ресейлік тыңшыларға» ауыстырады


Ресейлік ғалым Игорь Сутягин мен тағы бірнеше кісіні жақында АҚШ-та ұсталған «ресейлік тыңшыларға» ауыстыруы мүмкін.
Бұл туралы бүгін адвокат Анна Ставицкая өз қорғауындағы ғалымның мәліметтеріне сүйене отырып хабарлады.

Бұған дейін адам құқығын қорғаушы Эрнст Черный тыңшылық үшін 15 жылға сотталған Сутягинді Ұлыбританияға жіберуі мүмкін деп хабарлаған еді. Ақпараттарға қарағанда, түрмедегі ғалым Мәскеудегі тергеу абақтысына ауыстырылған.

АҚШ-та маусым айының соңында Ресей үшін тыңшылық еткен деген күдікпен он азамат ұсталғандығы белгілі болды. Тағы бір күдікті Кипрде ұсталды, бірақ кепілдікке шығарылғаннан кейін жоғалып кетті.
XS
SM
MD
LG