Accessibility links

Винокуров «Тур де Франс» жарысының 13-ші кезеңінде жеңіске жетті


Қазақстандық велосипедші Александр Винокуров бүгін «Тур де Франс» көпкүндігінің 13-ші кезеңінде жеңіске жетті. «Астана» командасының өкілі Родез және Ревель қалалары арасындағы 196 шақырымды бірінші болып аяқтады.

Жалпы есепте Винокуров 12-ші орында тұр, ол «сары жейде» иегері – Энди Шлектен 6 минут 12 секунд қалып келеді.
XS
SM
MD
LG