Accessibility links

Обама 9/11 шабуылдарын еске алу күнінде ұлттық бірлікке маңыз берді


АҚШ президенті Барак Обама 2001 жылғы 11-ші қыркүйектегі террорлық шабуылдардың 9 жылдығын атап өтуге арналған жолдауында ұлттық бірігуге маңыз бере сөйледі:

"Бұл уақыт біздің ел үшін өте қиын. Осындай сәттерде отқа май құйып, бізді негізімізден ажыратуға тырысады. Біздің ортақ мүддемізден көзімізді жауып қоймақшы болады. Бірақ осындай күндері біз ең жақсы тұрғымызда қалып, ондай арандатушылыққа бармаймыз. Біз бір-бірімізге тірекпіз. Біз қорқыныштан жеңілмейміз, бірақ біз өз отбасы мен ұлтымыз үшін жарқын болашақ болады деген үміттеміз".

Осыдан тура 9 жыл бұрын исламшыл жауынгерлер басып алған ұшақтардың екеуі Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығының егіз ғимаратын жарып, үшіншісі Пентагонға соғылып, төртінші ұшақ Пенсильвания штатындағы орманға түскен. Ол шабуылдардан 3 мыңға жуық адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG