Accessibility links

Пәкістан «Әл-Қаида» көсемі өлді деген хабарды тергейді


Пәкістан «Әл-Қаида» тобы көсемдерінің бірі Шайх Фатих әл-Масридің көзі жойылғаны туралы хабарды тергейді.

Хабарға қарағанда, әл-Масри өткен сенбі күні ауған шекарасына жақын аудандағы тәліптердің бекінісіне АҚШ-тың адамсыз ұшағының әуеден берген соққысынан мерт болған сияқты.

Жорамалға сәйкес, әл-Масри өткен мамыр айында көзі жойылған Мұстафа әл-Язидтің орнына отырды. Әл-Язид – «Әл-Қаида» тобының үшінші басшысы болған көрінеді.

Қыркүйек айында АҚШ-тың адамсыз ұшатын соғыс ұшақтары Пәкістанның солтүстік-батыс ауданына 20-дан астам соққы берді. Бұл алдыңғы айлармен салыстырғанда 2 есе көп.
XS
SM
MD
LG