Accessibility links

Козлов көзді ашты


Тіркелмеген оппозициялық «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козлов. Алматы, 22 қыркүйек 2010 жыл.
Тіркелмеген оппозициялық «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козлов. Алматы, 22 қыркүйек 2010 жыл.
Өткендегі пресс-конференцияда тіркелмеген «Алға» партиясының өкілі В.И.Козлов 2012 жылғы болар президенттік сайлауға өзінің үміткерлігін жариялағаны сол екен қоғамда қаншама шу шықты.

Алайда бұл жерде Козловтың қандай жазығы бар еді? Бұл қазіргі Елбасы Н.Н.Назарбаевтың ұстанымы, саясаты емес пе? Қайтсе де қазақ елінде тұрып жатқан бар халықтан бір ғана ұлт, яғни «қазақстандық» етіп шығару. Сол жаңадан ойлап шығарылған «қазақстандық ұлттың» көсемі, яғни Ұлт көшбасшысы болу. Ал сен толықтай осы «қазақстандықтың» мүшесімісің – онда президент те, депутат та, сенатор да, министр де, тіпті, кез-келген облысқа әкім болуға да толықтай құқың бар. Тек қана орыс тілін толықтай меңгерсең болды. Қандай діндесің – ешкімнің жұмысы жоқ.

Ал осындай ұлтты орталықтандыру тәрізді, яғни «қазақстандық» сияқты саясат мына көрші Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстанда бар ма? Жоқ. Болмайды да.

Оларға қаншама қаражат шаша жүріп, сұрана жүріп «тағайындалар» ОБСЕ-ге төрағалық керек пе? Жоқ, және де жоқ.

Халық байлығын судай сапырып өткізер саммит керек пе? Әрине, жоқ.

Тағы да сол қаржыға келіп тірелер, жылда өтетін Дүниежүзілік діндер сьезін керек ете ме? Әлбетте жоқ.

Өзінің ішкі ресурсы бола-тұра сырт мемлекеттерге біз сияқты 114,0 миллиард доллар қарыздар ма олар? Жоқ.

Жоқ! Себебі ол мемлекеттер өздерінің ұлтына, ұрпақ тәрбиесіне, келешегіне қатты көңіл бөледі. Бізде – бәрі де керісінше.

«Қазақстандық» саясатты ойлап шығарған кезде қазақ елінде азғана топ, яғни ұлтжандылар ғана бас көтерді. Қоғамның көп бөлігі үнсіз қалды. Міне, сол «қазақстандық» ұлттың «жемісін жейтін» кезең келіп жетті. Козлов – алғашқы қарлығаш. 2012 жылға дейін әлі 128 ұлыстың өкілін президенттік үміткерліктен күтуге тура келер. Беталды шырылдай бермей, шыдамды болайық, «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!»

auelhan7@mail.ru
XS
SM
MD
LG