Accessibility links

"Үздік коммент" байқауы



Азаттық қызметінің вебсайтында жарияланатын қилы тақырыптардағы материалдарға қатысты пікірін жазудан тартынбайтын тұрақты оқырмандар үшін арнайы байқау жариялаймыз.

Әр аптаның соңында үздік коммент жазған оқырмандар анықталып, Азаттық радиосы дайындаған арнайы сый - MP3 форматында CD табаққа түскен Абайдың қара сөздеріне ие болады.

Байқаудың шарттары өте оңай - Азаттық вебсайтына шыққан кез-келген материалға қатысты ойыңызды білдіріп, пікір қалдырып отырсаңыз болғаны. Өз аты-жөніңізді көрсету шарт емес. Лақап атыңызды біздегі тіркелу жүйесі арқылы растап, басқа біреудің пайдаланып кетуінен қорғаңыз.

Сіздің пікіріңіз - әр мақаланың жалғасы, біздің қызметіміздің бағасы екенін ұмытпаңыз, құрметті оқырман.
XS
SM
MD
LG