Accessibility links

Батыс басылымы Юрий Лужковтың сұхбатын жариялады


Британдық "Санди телеграф" басылымы Юрий Лужковпен болған сұхбатты жариялады. Бұл бұрынғы Мәскеу мэрінің қызметінен кеткеннен кейінгі батыс басылымына берген алғашқы сұхбаты.

"Мен өз отбасым үшін қорқамын"("Я боюсь за свою семью") деп аталған мақалада Лужков әйелі екеуі, қыздары Елена мен Ольганы Лондонға оқуға жібергендігін айтқан. Лужковтың сөзінше, оған себепте жоқ емес көрінеді.

Бұдан бөлек, Лужков өзінің де әйелінің де Ресейден кетпейтіндігін мәлімдеген. Ол өзін сатып кеткендей сезінгенімен Ресей саясатанан тыс қалмайтындығын айтады.
XS
SM
MD
LG