Accessibility links

НАТО шабуылынан 4 ауған сарбазы қаза тапты делінеді


Ауғанстан қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, сәрсенбі күні кешке НАТО әуе шабуылынан 4 ауған сарбазы мерт болған. Министрлік баспасөз хатшысы Мохаммад Захир Азимидің айтуынша, Хелманд өлкесінің Муса Қала ауданындағы базадан шығып келе жатқан сарбаздарды НАТО ұшақтары атқылаған.

НАТО жетекшілігіндегі халықаралық қауіпсіздік күштері сол күні бүлікшілерді нысанаға алғанын растады. Осы оқиғаға қатысты тергеу ісі басталды.

НАТО күштері биыл бірнеше рет қателесіп, ауған сарбаздарын өлтіріп қойды.
XS
SM
MD
LG