Accessibility links

Иранда қауіпсіздік шаралары күшейтілді


Иран астанасынан жексенбі күні түскен хабарларға қарағанда, үкіметтің экономикалық субсидияларды қысқартулары жексенбіден бастап күшіне енетіндіктен елде қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Associated Press агенттігіне Теһран тұрғындары қаланың әр жерінде шерушілерді тарататын полиция жүргенін айтқан.

Бұл туралы ресми хабарламалар жоқ, дегенмен президент Махмуд Ахмадинежадтың жексенбіден бастап елде энергия көздері мен азық-түлік субсидиясы қысқарады деп айтқанынан соң полиция күштері тартылып отыр.

2007 жылы тұтынушыларға жанармай мөлшері үшін шектеу енгізілгенде, ашулы шерушілер ондаған газ бекеттеріне өрт қойған. Онда әрбір көлікке айына субсидиямен 60 литр ғана жанармай берілген. Ендігі жаңа жүйе бойынша, жанармайға баға бұрынғыдан 4 еседей өсіп отыр.
XS
SM
MD
LG