Accessibility links

Украинада саяси партия басшысын атып кетті


Украинаның өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер партиясының жетекшісі, ірі бизнесмен Александр Коробчинский қастандық құрбаны болды.

«Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, Одесса қаласында зайыбымен үйіне келе жатқан Коробчинскийді әлдебіреу дыбыс шығармайтын құрылғысы бар тапаншадан атып кеткен. Ауыр жараланып, қаладағы жеке меншік ауруханалардың біріне жеткізілген Коробчинский операция кезінде қайтыс болған.

Александр Коробчинский былтыр Одесса қаласы мэрінің сайлауына үміткер ретінде түскен болатын.
XS
SM
MD
LG