Accessibility links

Ауған трибуналы парламенттің ашылуын кейінге қалдыруды сұрады


Ауғанстандағы парламент сайлауының даулы дауыстарын реттеу үшін құрылған арнайы сот президент Хамид Карзайға қайрылып, жаңа парламент отырысын кейінге қалдыруды сұрады.

Бұл сот төрағасы Садиқулла Хақиқ сәрсенбі күні Кабулде журналистерге мәлімдегенінде, сот дауыстардың бұрмаланғанын анықтау үшін парламенттің алғашқы отырысы кемінде бір айға шегерілуі керек деді.

Ауғанстанда қыркүйектің 22-сінде өткен парламент сайлауы үлкен заңбұзушылықтармен өтті деп, оны зерттеу үшін арнайы сот комиссиясы құрылған. Сайлау комиссиясы осының алдында 24-тен аса үміткердің жеңісін заңсыз деп тауып, 5 миллионнан аса дауысты жарамсыз деген.

Ауған президентінің бекітуімен парламенттің алғашқы отырысы қаңтардың 23-де өтеді деп айтылған.
XS
SM
MD
LG