Accessibility links

АҚШ Беларусьқа қарсы жаңа санкциялар енгізбек


АҚШ үкіметі Беларусьқа қарсы жаңа санкциялар енгізіп, ол елдегі қоғамдық ұйымдарға үш миллион доллардың қаржылай көмегін бермек ниетте. Бұл туралы бейсенбі күні сенатта болған тыңдауда АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Филип Гордон мәлімдеді.

Оның айтуынша, АҚШ азаматтары мен компанияларына Беларусьтың «Белнефтехим» концернімен бизнес жүргізуге тыйым салынады, Құрама Штаттарға келу құқынан айрылған Беларусь шенеуніктерінің тізімі толығатын болады.

Беларусь билігі былтыр желтоқсанда өткен президент сайлауынан кейін елдегі оппозиция белсенділеріне қарсы қысымды күшейткен соң АҚШ үкіметі осындай шараға барғалы отыр.
XS
SM
MD
LG