Accessibility links

Дағыстанда темір жолда жарылыс болды


Дағыстандағы Кизляр ауданында бейсенбінің кешінде жарылыс болып, темір жол бүлінді.

Алдын-ала хабарларға қарағанда, темір жолмен келе жатқан жүк пойызының алдында болған жарылыстан ешкім зардап шекпеген, пойыз рельстен шықпаған.

Қолдан жасалған жарылғыш кесірінен темір жол байланысы үзіліп, қарама-қарсы бағыттағы жолаушы пойыздары бірнеше сағат тоқтап қалған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG