Accessibility links

Жолың болсын!



Қазнеттегі танымал блогосферада «Қазақстаннан біржолата кеткіңіз келе ме?» деген тақырыпта сауалнама жүргізіпті. Көпшіліктің даусымен «кеткім келеді» жауабы алда тұр. Кеткісі келетіндердің пікіріне айтар уәж жоқ. Осы елде балаларын тәрбиелеп, өсіргілері келмейді. Сервис жоқ, білім жоқ, медицина ол…

Бір жағынан ойлайсың – «кетсе кете берсін, әркім өзі өмірі ғой не істесе де». Алайда қарап тұрсаң, біртүрлі ішің қынжылады. Неге сен тұратын, сен қастерлейтін, дүбірлі додада көк байрақты желбіретіп, қолыңды жүрегіңе қойып, әнұранын шырқайтын еліңді біреулер осылай жамандап, ештемеге теңегісі келмейтіндігін оқып, қынжыласың. Сонда осында тұрып жатқан біз ақымақ болғанымыз ба?

«Ол жақта бәрі дейді ғой, «қысы да жылы жаздайын» деп, әлбетте жақсы өмірден кім қашпақ? Алайда осы біраз бұрын Мысырда көтеріліс болғанда біршама қазақ азаматтары «есің барда елің таптың» кебін киген жоқ па? Кетерде «бұл жақ жаман деді» – барды, ол жақ жаман – келді. Тұрақсыздықтың ең асқынғаны осы емей не?

Менің ойымша, әр есі бар азамат, өз елінің қандай да болмасын күйін түсініп, оның дамуына, бетке ұстар азаматы болуына барынша үлесін қосу керек, елінің алдында емес, өз арының алдында адал болғанын түсіну керек. Оңай жолды табу қиын емес, алайда ол сенің өміріңе, сенің азаматтығыңа құндылық әкеле ала ма? Сол мәселе…

akzere.dosym.kz
XS
SM
MD
LG